Азиада: Махмұд Сабырханның 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды

mahmud s Спорт

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында боксшы Махмұд Сабырханның 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 1/8 финалда Солтүстік Кореядан келген О Тае Боммен қолғап түйістіреді.

Бұл жекпе-жек 30 қыркүйек күні өткізіледі.

Махмұд бұдан бұрын оңтүстіккореялық келген И Чань Лиді жеңген еді.

Ал О Тае Бом жарыстың алғашқы сатысында ешкіммен кездескен жоқ. Бірден 1/8 финалға жолдама алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз