Жарнама
Спорт

Жас спортшылар жүлдемен оралды

Көкшетау қаласында спорттық (WKC) каратэден өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында Атырау облысының құрама командасы жүлдеге ие болды.

Жас каратэшілерді Қазақстан теміржолы Атырау вокзалынан спортшылар мен ата-аналар салтанатты жағдайда күтіп алды.

–Республикалық чемпионат Көкшетау қаласында 9 маусым күні өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы іріктеуден өткен 200-ге жуық спортшы қатысты. Атыраулық спортшылар жекелей есепте 4 алтын, 4 күміс, 2 қола, командалық есепте 3 күміс, 1 қола жүлде еншілеп, жалпыкомандалық нәтиже бойынша II орынды жеңіп алды. Атыраулық жас каратэшілер жарысалды оқу-жаттығу жиынын «Жолбарыс» спорт клубында өткізді. Ендігі мақсат – Кентау қаласында жасөспірімдер, кадеттер, юниорлар арасында өтетін ҚР чемпионатына қатысу, — дейді спортшылардың жаттықтырушы ұстазы, каратэден І дан қара белбеу иегері Абат Әмірханов.

Айта кету керек, турнирге қатысқан жас спортшылардың ішінде ҚР чемпионы Даниа Құттыбай да бар. Каратэмен шұғылдануды ерекше жақсы көретін оның спорт бәйгелерінде алдына жан салмайтын шеберлігі басым. Даниа бұл жолғы сында да намысты қолдан бермей, алтын медальді жеңіп алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ Дания Құттыбай Атырау облысының құрама командасындағы жалғыз ғана қыз бала екенін атап айтқан жөн.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button