Атырауда гір көтеру мен армрестлингтен облыстық чемпионат өтті

screenshot 6 4 Спорт

Атыраудағы Мұнайшы стадионында гір көтеру және армрестлингтен облыстық чемпионат өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәстүрлі жарысқа гір көтеруден 50 және армрестлингтен 98 спортшы қатысты. Аталған дода ересектер арасында 10 салмақ бойынша өтті.

– Бұл чемпионат биыл бірінші рет өткізіліп жатыр. Гір көтеру бойынша жеңіске жеткен спортшылар Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алады. Ал армрестлингтен жеңіске жеткен спортшылар Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алады, деді аға-жаттықтырушы Сергей Гридчин.

Армрестлинг  жарысының  нәтижесі бойынша ерсектер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде 1 орынға Мұрат Абуталиев, 2 орынға Игорь Деревянкин, 3 орынға Сырым Тулеуш ие болды. Ал 85 кг жоғары салмақ дәрежесінде 1 орынға Александр Попов, 2 орынға Дмитрий Акунишников, 3 орынға Төре Жаулыбаев ие болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз