Құлсарыда заманауи спорт кешені ашылды

img 20220923 wa0011 Спорт

Құлсары қаласы күніне орай «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында «Теңізшевройл» ЖШС салған 3000 орындық жаңа орталық стадион ашылды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шаһар орталығында орналасқан нысан 4,7 мың м2 аумақты алып жатыр. Спорт кешенінде қысқы уақытта жаттығу үшін арнайы жабдықталған жабық стадион мен бассейн және асхана бар. Тренажер залдары да жасақталған. Қосалқы ғимараттарда жыл бойы бірнеше спорт түрінен сабақ өткізуге мүмкіндік бар. Осының нәтижесінде мұнда бір уақытта 250 адам спортпен шұғылдана алады.

-Көп рақмет айтамыз, осындай стадион салып бергеніне. Ішінде спортқа керектінің бәрі бар. Осы стадионнан болашақ чемпиондар көп шығуына үлкен үлес қосуға міндеттіміз дейді, Таэквандодан Қазақстанның спорт шебері Нұраддин Жолдасов.

Жалпы Жылыой ауданында 6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. 2500-дей бала кәсіби спорт түрлерімен шұғылданады.

Стадионның ашылуына орай Жылыой ауданының құрама командасы Теңізшевройл қызметкерлерінің командасымен алғашқы матч өткізді.

«Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында ТШО жыл сайын Атырау облысы бойынша мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау инфрақұрылымы, қоғамдық кеңістіктер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына 25 миллион АҚШ долларын бөледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз