Жарнама
Спорт

Жаңаталап ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Бүгін – Спорт күні. 2004 жылдан бері тамыз айының үшінші жексенбісі Қазақстанда дәстүрлі түрде аталып өтіп келеді. Осы айтулы мерекеге орай Жаңаталап ауылында жаңа спорт кешені салтанатты түрде ашылды.

b60210e9 3fcf 4810 961b b2101b29faef

Ашылу рәсімінде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов ауыл тұрғындарын құттықтап, бұл күнді тарихи оқиғаға балады. Оның айтуынша, өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде облыстағы 64 ауылдық елді мекеннің жартысына жуығы спорт нысандарымен қамтылған. Жалпы алғанда, аймақта спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 62 пайызды құрайды, ал бұқаралық спортпен қамту көрсеткіші 45 пайызға жеткен. Жаңа нысан Теңізшевройл компаниясының демеушілігімен 1,6 миллиард теңгеге тұрғызылып, бір жарым жыл ішінде пайдалануға беріліп отыр. Басқарма басшысы компания басшылығына ризашылығын білдіріп, осындай қолдау жалғасын табарына сенім артты.

642f9c9d 4271 4d2b 90e5 aec90eb64ccd

Салтанатты жиында сөз алған ТШО-ның Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің өкілі Нұрлан Ерғалиев спорт кешенінің «Игілік» әлеуметтік-инфрақұрылымдық ерікті бағдарламасы аясында салынғанын атап өтті. Оның мәліметінше, компания облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жүйелі түрде үлес қосып келеді. Бағдарлама аясында осыған дейін Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай, Жаңа Қаратон, Майкөмген ауылдарында спорт кешендері мен Құлсары қаласында 3 мың орындық орталық стадион салынған.

66c5d7f2 5563 468e 8b71 72113f4437ea

Жаңа спорт кешенінің лентасын ауыл ақсақалы Жағапар Қасиетов пен дзюдошы Әбиба Әбужақынова қиды. Қазақстан құрамасының мүшесі, 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әлемдік және құрлықтық біріншіліктердің бірнеше дүркін жүлдегері болған спортшы жас буынға сәттілік тілеп, ауылға заманауи спорттық нысанның ашылуы үлкен қуаныш екенін жеткізді. Ол аймақта спорт кешендерінің жылдан-жылға көбеюі ел спортының болашағына жасалып жатқан маңызды қадам екенін айтты.

07b5d984 3679 44a7 81c4 7b8798bc093f

Жаңа нысан Дамбы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қарамағына берілді. Жалпы аумағы 2,02 гектарды құрайтын кешеннің ғимараты 1274 шаршы метрді қамтиды. Құрылысы 2024 жылдың қаңтар айында басталған болатын. Мұнда волейбол, баскетбол, футбол, еркін күрес, бокс және дзюдо сияқты онға жуық спорт секциясы жұмыс істейтін болады. 500-ге жуық бала мен жасөспірім жаттығуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, 160 орындық көрермендер залы қарастырылған. Ғимараттан бөлек, ауласына футбол алаңы, жүгіру жолы, ұзындыққа секіру алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары, ашық ауадағы жаттығу аймағы салынған. Бұл ауыл тұрғындарына жаз мезгілінде спортпен шұғылдануға қосымша жағдай жасайды.

a506a6b0 7789 47fc b10a 07eb812b468a

Қазір Атырау облысында спорт саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Жастарды бұқаралық спортқа тарту үшін жаңа спорттық нысандар бой көтеріп, спорт клубтарының саны артып келеді. Бүгінде аймақта 30-дан астам спорттық ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Дамбы ауылдық округінде ғана бұл – үшінші спорт кешені.

daae515a b501 43fb a494 2f321756df14

Жаңаталап ауылындағы тұрғындар да қуаныштарымен бөлісті. «Бұрын балаларымызды көрші ауылдарға қоғамдық көлікпен жіберуге тура келетін, ал ата-аналар қатты уайымдайтын. Жаңа спорт кешені жергілікті спортшыларға үлкен мүмкіндік береді», – дейді ауыл тұрғыны Әділет Баймұханов.

f8f42613 5890 4a15 9163 89e23f60a072

Айта кету керек, спорт кешені заманауи талаптарға сай салынған. Ол мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да толық қолжетімді. Ғимарат қажетті құрал-жабдықтармен және арнайы бөлмелермен жабдықталған.

acdd57d3 63fe 45f7 a8f2 7b36bf0b7033
ba2fab5c f540 4b85 9aba 68a36d7fe394
2e2b88ce a96f 4889 a6ed 5ea1b1794020
b68075e9 80f6 465c b5f3 8e8beda549be
578469e4 d074 4c89 96c0 dd64c122980f
60bbed88 6004 4a9f 889b eb1b7a5988c6
60433dd2 0927 4401 9385 e65fb124a9ba
bfe5fd95 5fdc 4238 89a4 2651f5cdae95
9371223b 7bb3 456d 971a 88ca088bc688


Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суретке түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button