Жарнама
Спорт

Рыбакинаның жеңісі Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионаты финалына шығуға мүмкіндік берді

Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан — Польша матчында еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласын ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетпен ойнады.

Кеше Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шыққандықтан, командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін бір ғана жеңіс жеткілікті еді.

Елена Рыбакина польшалық теннисшіні 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Бүгінге жоспарланған қалған екі кездесу ойналса да, ештеңені шешпейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button