Марафон мәресіне жетті

53b867a0 64aa 434b b950 757bc562a5d7 Спорт

Жексенбіде жүгіруден Атырау марафоныұйымдастырылып, оған 2 мыңнан астам облыс тұрғындары мен республиканың әр аймағынан келген марафоншылар қатысты. 
 Алты жыл бұрын бастау алған жарысқа қатысушылар Сұлтан Бейбарыс алаңына жиналып, жаттығу жасады. Денелерін қыздырып алған соң бастапқы аймаққа жиналды.


98e03196 4d07 42a2 845e 6bdcfebdc120

​Бұл жарыстың жылдан-жылға кең өріс алып кележатқанын қатысушылардың жүздеріндегі ерекшемерекелік көңіл-күйлерінен-ақ анық аңғаруға болады. 

eabcc726 25f9 4409 8ec5 1566b453f049

​Алдымен бастапқы аймақта 42.2, 21.1, 10, 5  шақырым қашықтыққа жүгірушілер сапқа тұрып, санаулы минут салып кезек-кезек жарыс алаңына беттеді.

​Жарыс басталған соң 23 минутқа жетпейтін уақытта 5 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Еркебұлан Аташев пен әйелдер арасында Әсем Абдуғажиева жарыстың абсолютті жеңімпазы атанып, алғашқы жүлдегерлер анықталды. 

​Одан соң 10 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Есенбол Жаңабек пен әйелдер арасында Толқын Нұрышева мәре сызығын бірінші боп кесіп, абсолютті жеңімпаз атанды.  

​Ал, 21 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Ислам Аманқос пен әйелдер арасында Ақбілек Құралбай қарсыластарын шаң қаптырып, абсолютті санат бойынша жеңімпаз деп танылды. 

​Толық марафон аталатын 42.2 шақырымда ерлерарасында Данияр Орманғали мен әйелдер арасындаДария Неделкина жүгіру алаңын сәтті айналып өтіп, санат бойынша абсолютті жеңімпаз атанды. 

Сондай-ақ, жарыста 16-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, +60 жас санатындағы ерлер мен әйелдер арасындаI, II, III орын иелері анықталды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификаттармен, грамотамен, естелік медальдармен марапатталды.

Алмас Қабдолов


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз