Атыраулық таеквондошылар халықаралық рейнтингілік турнирінде бір алтын, бір қола медальге ие болды

screenshot 9 1 Спорт

Атыраулық таеквондошылар Словения астанасы Любляна қаласында өткен «Slovenia Open» рейтингілік турнирінде бір алтын және бір қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

25-26 ақпан аралағында өткен додаға G-1 санатындағы әлемнің 50 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты.

– Сәуле Сардарова бастаған облыс спортшылары жақсы өнер көрсетті. Мария Севостьянова 57 келі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Ал, 67 келі салмақта сынға түскен Нұрай Хұсайынова қола медальды еншіледі, – деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.

Қазақстандық таэквондошылар турнирде 5 алтын, 7 күміс, 13 қола медаль иеленіп, жалпы есепте көш бастады.

Айта кетейік, Словенияда өткен бұл жарыс мамыр айында Әзірбайжан елінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып табылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз