Жарнама
Спорт

Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына басшы тағайындалды

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының лауазымына Дастанбек Қайыржанұлы Қоспанов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев таныстырды.

Дастанбек Қоспанов Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «экономист-қаржыгер» мамандығын, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «дене шынықтыру және спорт» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:

07.2003 — 10.2004 жылдар аралығында Махамбет аудандық пошта бөлімшесінде әр түрлі қызмет атқарды.

10.2004 — 10.2005 жылдар аралығында «Казпочта» АҚ Атырау облыстық филиалында әр түрлі қызмет атқарды.

02.2006 — 03.2007 жылдар аралығында Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы департаментінің штаттан тыс қызметкері;

03.2007 — 12.2008 жылдар аралығында Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

12.2008 — 12.2016 жылдар аралығында Атырау облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында әр түрді қызмет атқарды.

01.2017 — 10.2019 жылдар аралығында қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Атырау қалалық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

10.2019 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директоры қызметін атқарады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button