Елімізде тоғызқұмалақтан чемпионат басталды

img 1883 Спорт

Петропавлда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. 

Оған еліміздің 13 өңірінен 250-ге жуық спортшы жиналды. Жалпы 16 құрама командалық сайысқа түседі. Осылайша болашақта әлемдік байқауларда өнер көрсететін кіл мықтылар жасақталмақ. Аталған байқау 19 қарашаға дейін жалғасады.  

– Жарыс жеті турдан, швейцар жүйесі бойынша өткізіліп жатыр. Енді бұл жарысқа елімізден мықты-мыұты деген спортшылары қатысуда. 250 спортшының 4-і халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 16-ы спорт шебері, 116 спортшы жаңағы спорт шеберілігіне үміткер деген атақтары бар, дейді жарыстың бас төрешісі Данияр Орынбасаров.

24.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз