
Спорт
Мақаттық дзюдошы – Азия кубогінің жүлдегері
Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан КСРО спорт шебері Б.Махмудовтың жүлдесіне арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінде жерлесіміз, Мақат ауданының спортшысы Заманбек Бақтығали жүлдегер атанды.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел абыройын асқақтатқан Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп отыр.
Азия кубогінің қола жүлдегері атанған Заманбек Бақтығалиды бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!