Жарнама
Спорт

Атыраулық тәртіп сақшысы Азия чемпионы атанды

Атырау қаласындағы тәртіп сақшысы Аида Хайруллина Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанып, жеңіске жетті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда полициядағы қызметімен бірге спортты қатар алып жүрген Аида Хайруллинаның бұл жеңісі көпті сүйсінтті.

-Әлемдік деңгейде ұйымдастырылған бұл жарысқа 13 елден 250 спортшы қатысып, бақ сынасты. Олардың қатарында ел намысын қорғаған полиция лейтенанты Аида Хайруллина әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде суырылып алға шығып, І орынды қанжығасына байлады, — дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button