Спорт

Атыраулық қос палуан чемпион атанды

Албанияда ересектер арасында өтіп жатқан “MUHAMET MALO” Халықаралық турнирінде атыраулық еркін күрес шеберлері Мырзабек Нұрлыбеков 79 келіде және Бекзат Аманғали 92 келіде чемпион атанды.

Айта кетсек, боз кілемде ел намысын қорғаған М.Нұрлыбеков бірінші кездесуінде жергілікті палуанды жеңсе, екінші кездесуінде Молдовия палуанын жеңіп ақтық сында отандасымыз С.Уалитханмен кездесіп 2-1 есебімен жеңіске жетті. Ал Б.Аманғали бірінші кездесуінде боз кілем иесімен, екінші айналымда Италия палуанын жеңіп, ақтық сында Молдовия палуанын 10-0 есебімен ұтып чемпион атанды.

Халықаралық турнирде топ жарған қос палуанды және жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button