Миялыдағы спорт алаңы маусым айында пайдалануға беріледі

4699d6f6 7a49 4476 b365 2ee4eac57ce0 Спорт

Өңірде бұқаралық спорттың мәнін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт алаңының мәні зор. Осы орайда Миялы ауылындағы орталық спорт алаңын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға таяу, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, мердігер мекеме «Еділ-СтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

— Бұған дейін үлкен футболға арналған газон, 500 орындық трибуна, 4 жолақты жүгіру жолағы салынып, воркаут жаттығу құралдары орнатылды. Стритбол және воркаут алаңдарына резеңке үгіндісі салынды. Қазіргі таңда шағын футбол алаңының газоны мен өрнектас төсеу жұмыстары жүруде,- деді Д.Нығметов. 

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары маусым айында аяқталып, нысан халық иігілігне берілмек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз