Жарнама
Спорт

Атыраулық көкпаршылар ел біріншілігінен қола жүлдеге ие болды

Жуырда Шымкент қаласында өткен ел біріншілігінде «Атырау облысы ұлттық спорт түрлері» ЖШС-іне қарасты көкпардан Атырау облысының «Жас-Нарын» құрамасы өзгелерден озық ойын көрсетті. Аталған чемпионатқа Қазақстанның түкпір түкпірінен жүзден жүйрік шыққандар қатысқан болатын.

«Шаппай бер!» деген мықтылармен сайысқа түскен Атыраудың құрама командасы топтық кезеңде 30 салым салып, Қызылорда, Ұлытау жəне Қостанай облысының командаларынан басым түсті. Осылайша, 9 ұпаймен үздік көрініп, жартылай финалға жолдама алған. Алайда, бұл бəсекеде Түркістан облысының көкпаршыларына есе жіберіп алды. Соған қарамастан жеңіске тең жеңіліс болды бұл сайыс. Осылайша, жерлестеріміз чемпионаттың қола жүлдегері атанып отыр.

Аталған чемпионатта облысымыздың жастар командасының көкпаршылары – құрама капитаны Абылай Ұлықпанов жəне Тахир Жұмашев, Нұрлыхан Ұлықпанов, тағы басқалары ерекше ойындарымен көзге түсті. Бүгінде «Атырау облысы Ұлттық спорт түрлері» ЖШС-і ұлттық спорт түрлері «Көкпар», «Бəйге», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу» жəне «Құсбегіліктен» жалпы саны 60 жас спортшыны дайындап, түрлі дүбірлі додаларға қатыстырып жүр.

Бек АЙДАРƏЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button