Жарнама
Спорт

Атыраулық футзалшылар әлем чемпионатына жолдама алды

Атыраулық футзалшылар Сербия елінде өтетін U18 оқушылар мен студенттер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды.

Олар Астана қаласында ұйымдастырылған әлем чемпионатына іріктеу сынында қарсыластарынан оқ бойы озып, жеңімпаз атанды. Осылайша, биыл қараша айында Сербия елінің астанасы Белград қаласында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды.

Осы жарыста ерекше ойын өрнегін көрсеткен Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің студенті Данияр Сәлімжанов жарыстың үздік ойыншысы атанды.  Команданың жаттықтырушылары дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Бақберген Бақтыгереев пен Рүстем Тәжібаевтың шәкірттері алғашқы ойында алматылық «Сайран» командасынан 4:0 есебімен басым түссе, екінші ойында оңтүстік астаналық «Энергоколледж» командасын 3:2 есебімен ұтты. Соңғы ойында елордалық «Астана» командасын 6:3 есебімен қапы қалдырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button