Атыраулық палуандар Әлем кубогынан жүлдемен оралды

whatsapp image 2023 09 08 at 09.42.37 Спорт

Көрнекті жазушы Кемел Тоқаевтың 100-жылдығына арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогінен атыраулық Бекет Жүніс пен Нұрболат Ізімғалиев жеңіспен оралды. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасынын баспасөз хатшысы Сайрагүл Тұржанова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жерлестеріміз 20 мемлекеттен 150 спортшы қатысқан, додада жеңіске қол жеткізіп отыр. Нақтылай айтсақ, Бекет Жүніс 55 кг салмақ дәрежесінде Әлем кубогының жеңімпазы атанса, Нұрболат Ізімғалиев 66 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанып отыр.

-Жарыс жоғары дәрежеде өтті. Мұнда бірінші орын алған спортшылар «Халықаралық спорт шебері» нормативін орындады. Жүлде қоры бірінші орынға 3 млн, екінші орынға 2 млн, үшінші орынға 500 мың теңеден берілді. Ал спортшыларымызға келер болсақ, Б.Жүніс үш белдесу өткізіп, бірінші белдесуде тәжік палуанын айқын басымдықпен жеңсе, екінші белдесуде өзбек палуанын жеңіп, ақтық айқаста қырғыз палуанын ұтты. Н.Ізімғалиев Иран, Эстония спортшыларын жеңіп, ақтық айқаста өзбек палуанына жартылай жамбас ұтып тұрып, ескі жарақаты сыр беріп, белдесуді тоқтатып, 66 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізіп отыр, – деді Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Айбек Серғазиев.

Айта кетейік, екі спортшы да қазақ күресінен «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері».

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз