Жарнама
Спорт

Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали халықаралық турнирден қоламен оралды

Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали халықаралық турнирден қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Канаданың Ванкувер қаласында WKF каратэден «Karate Series A» санатындағы халықаралық турнир өтті.

Аталған турнирге 60-қа жуық елден 700 спортшы қатысты. Оның ішінде алты қазақстандық бар. Облыс намысын қорғаған Ә.Батырғали 75 келі салмақта үздік үштікті еншіледі.

Турнирде жиналған ұпайлар рейтингке жоғары көтеріліп, Премьер-лига жарыстарына қатысуына мүмкіндік береді.

Байрақты бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 1 күміс, 2 қола медальге қол жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button