«Атыраулықтар» алғашқы жеңісімен қуантты

uojuioio Спорт

Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында «Атырау» командасы өз алаңында қызылордалық «Қайсар» командасын қабылдады.

8767

Ұпай саны бойынша жергілікті команданы өкшелеп келе жатқан «қайсарлықтар» ойынды шабуылмен бастады. Қызыл жиделілер қақпа маңын жиі торуылдап, «атыраулықтарды» әбден састырды. «Аңдысқан жау алмай қоймас» дегендей, ойынның төртінші минутында «қайсарлық» жартылай қорғаушы Қуаныш Қалмұратовтың бұрыштама добына бұрын жеткен жартылай қорғаушы Василий Совпаль допты баспен соғып, есеп ашты. Мұнан соң екі команданың ойыншылары сәтті шабуылдағанмен, нәтижесіз болып жатты. Тартысқа толы кездесудің 31-ші минутында алаңның ортасынан басталған атыраулықтардың шабуылын шабуылшы Евгений Козлов сәтті аяқтап, айып алаңының ішінен нысананы дәл көздеді.

7877

Жақында ғана «Атырау» командасының капитаны болып тағайындалған жартылай қорғаушы Игорь Стасевич бірінші таймның негізгі уақыты аяқталып, қосымша берілген 1 минутта иіріп тепкен добы қарсыластар қақпасынан табылды.  Бұдан соң да екі команда алма-кезек шабуыл жасап, әдемі ойын өрнегін көрсеткенімен, есеп өзгерген жоқ. Осылайша, Виталий Жуковскийдің шәкірттері өз алаңындағы ойында намысты қолдан бермей, көрермендерін жаңа маусымдағы алғашқы жеңісімен қуантты.

8676876

«Атырау» футбол командасы осы жеңісінен соң турнир кестесінде 7-ші орынға жайғасты.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз