Тәуелсіздікке 30 жыл: Атырауда батыс аймақтық турнир басталды

whatsapp image 2021 11 19 at 11.23.46 1 Спорт

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары арасында батыс аймақтық турнир басталды» деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сайыста сала қызметкерлерінен құралған Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысы командалары футзал мен волейболдан сынға түсуде.

Шараның ашылу салтанатына қатысқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бұл турнирде батыс аймағынан іріктелген төрт команда бақ сынауда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың спортпен және денешынықтырумен тұрақты айналысуын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте бұқаралық спортты дамытуды және балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауды жүзеге асыруды жүктеген болатын. Осы бағытта өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрген сіздерге ризашылығымды білдіремін, -деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, турнирде жеңіске жеткен команда жарыстың республикалық кезеңіне жолдама алады.

whatsapp image 2021 11 19 at 11.23.46

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз