Жарнама
Спорт

Атырауда мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада басталды

Халықтың мемлекеттiк аппаратқа деген көзқарасы мемлекеттiк қызметтiң сапасымен және қолжетiмдiлiгімен өлшенетіні ақиқат. Кеше аталған сала мамандары өздерінің атаулы күндері – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық спартакиадада бақ сынады.

Шара шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, тартысты додада барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов айтып өткеніндей, шара мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесін атап өту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Спартакиадаға жергілікті атқарушы органдар және департамент, басқармалардан 24 команда қатысып, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақ күресі мен бильярд, суда жүзу, садақ ату секілді спорттың 8 түрінен бақ сынады. Биыл ұлттық ойындарды ұлықтау мақсатында спартакиадаға «Садақ ату» сайысы да енгізілген болатын.

Облыста 2839 мемлекеттік қызметші еңбек етсе, олардың 34% – ерлер, 66% – әйелдер, ал 16% жастарды құрайды.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button