ҰЛЫҚБЕК ӘБІЛҚАЙЫР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

40d6cebd ef48 4165 a09d 54e616a977ce Спорт

Жамбыл облысында жауынгерлік самбодан 2001-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Атырау облысының намысын қорғаған Доссорлық, дзюдодан жастар арасында Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы Ұлықбек ӘБІЛҚАЙЫР күміс жүлдеге ие болды.
Жауынгерлер 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Жарысқа Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының құрамалары қатысты. Жеңіске жеткен жауынгерлерге “Спорт шебері” спорттық атағы берілді.


Жауынгерлік самбодан алғаш рет өнер көрсеткен дзюдошы Ұлықбек ЖАСҰЛАНҰЛЫ жауынгерлік самбодан «Спорт шеберлігіне үміткер» атанды.
– Қарсыластарым өз ісінің шеберлері. Кездесулер оңайға соққан жоқ. Маған қолдау көрсеткен ата-анама, ағайларыма, достарыма алғыс білдіремін. Алдағы уақытта ел намысын абыроймен қорғап, жақсы жаңалықтарыммен қуантуға тырысамын, – деді Ұлықбек ӘБІЛҚАЙЫР.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз