Қоян-қолтық ұрыстан Атырау қоржынында үш алтын, бір күміс, төрт қола бар

photo 2023 04 10 08 14 46 Спорт

Ресейдің Мәскеу қаласында 7-9 сәуір аралығында «Достық кубогы -2023» атты ересектер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Турнир аясында алғаш рет жастар мен жасөспірімдер арасында өзін-өзі қорғау бойынша әлем біріншілігі өтті. Жарысқа дүниежүзінен келген 21 командадан 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

Жасөпірімдер арасында әлем біріншілігінен 90 келі салмақ дәрежесінде Нұрберген Мырзакен, 70 келі салмақта Диана Жұмағазиева алтын медаль иегері атанды. 75 келі салмақта Диана Жандарбай күміс медальге қол жеткізсе, 70 келі салмақта Әли Өтегенов қола медаль еншіледі.

Ал әлем кубогінен 88 келі салмақта Мырзакен Нұрберген пен Бек Насихатов қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, 67 келі салмақта Әли Өтегенов қола медаль еншіледі. 38-49 жас аралығында сынға түскен атыраулық бапкер Хайдар Есенғалиев 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, «Достық кубогы» дәстүрлі түрде ең мықты спортшыларын жинайтын жыл сайынғы халықаралық турнир.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз