
Спорт
Атырауда «Біріккен күрес әлемі» (UWW) аясында «Oil capital cup» Халықаралық турнирі өтеді
Атырау грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының грек-рим, еркін күрес түрлерінен ересектер арасында өтетін “Oil capital cup” халықаралық турнирінің кубогі “Біріккен күрес әлемі” (UWW) күнтізбелік жоспарына енді.
-Аталған іс-шара бұған дейін Атырау облыстық грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының ұйымдастыруымен 2023 жылы алғаш рет өткізілген болатын. Туған жерімде “Біріккен күрес әлемі” (UWW) мен бірлескен халықаралық спорттық шараны өткізу мен үшін үлкен мәртебе, — дейді Атырау облыстық күрес түрлері федерациясының президенті Арман Тугаев.
Айта кету керек, қыркүйек айында өтетін жарыста алыс-жақын шетелдерден боз кілемнің үздіктері бақ сынайды деп күтілуде.