ҚР чемпионаты: атыраулық спортшылар 2 алтын, 2 қола жүлдеге ие болды

de1b97ab c61f 4322 b03f 29e679ae6a69 Спорт

Бүгін Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді.
Жарыстың алғашқы күні Атырау облысының спортшылары 2 алтын және 2 қола жүлдеге ие болды.

Әйелдер арасында 48 келіде Абужақынова Абиба жарыс жеңімпазы атанды.

Ерлер арасында 66 келіде Амангелді Ермек қарсылас шақ келтірмей ел чемпионы атағына қол жеткізсе, осы салмақта Айболат Ыстыбай қола жүлдеге ие болды.

3a734ce0 88f7 49b5 940a 860f4cb0fcb9

60 келіде Қанат Сейілхан қола жүлде жеңіп алды.

Ертең бақ сынайтын облыс спортшыларына сәттілік тілейміз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз