Грек-рим күресінен Азия чемпионатында Ибрагим Магомадов «алтын» алды

8578787 Спорт

Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында қазақстандық Ибрагим Магомадов «алтын» алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ибрагим Магомадов (72 келі) ирандық Саяд Әли Именталабфоманимен шеберлік байқасты. Ол қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.

Ибрагим ширек финалда қырғызстандық Әділхан Нұрланбековты, сосын Әли Мұхамед Кадхимді жеңді.

Енді финалда Диас Қален (82 келі) жүлдені қырғызстандық Ақылбек Талантбековпен сарапқа салады.

Ел құрамасынан Кебіспаев (67 келі) кешке қола жүлдегер атанды. Ол 3-орын үшін сайыста тәжікстандық Фирус Мирзораджабовтан басым түсті.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Ернұр Фидахметов (60 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі) қола жүлдеге таласады.

Еске салсақ, грек-рим күресінен жарыстың алғашқы күнінде Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс жүлдегер болса, Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мұхамедалі Мамырбек (63 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде алды.

Енді 11-12 сәуірде әйелдер, 13-14 cәуірде еркін күрестен сайыстар өткізіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз