Атырауда алғашқы рет ұстаздар арасында І облыстық спартакиада басталды

screenshot 13 Спорт

Бүгін Абай орталығында «Каникулдық мектеп» жобасы аясында Білім беру бөлімдері мамандары және білім беру мекемелері басшылары арасында І облыстық спартакиада басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған сайыста 10 команда бақ сынауда. Іс-шара 6 спорт түрінен өтуде яғни воллейбол, армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және садақ ату.

Жарыстың негізгі мақсаты – білім саласы қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, денсаулығын нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Сондай-ақ, кәсіби қажудың алдын алу, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ойын арқылы ұжымдық достықты дәріптеу, ынтымақтастықты нығайту.

– Бұл спартакиадаға барлық аудандық және қалалық білім бөлімі құрамалары қатысуда. Сондай-ақ, облыстық білім беру мекемелері құрамалары және Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы және Педагогикалық шеберлік орталығы мамандарынан жасақталған құрама командалары өз өнерлерін көрсетуде. Қатысушалрдың жалпы саны 150-ге жуық. Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр,- деді облыстық Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Данагүл Баймашева.

Айта кетейік, аталған іс-шара қаңтар айының 6-7 күндері Абай атындағы оқушылар шығармашылығы орталығы базасында өтуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз