Жарнама
Спорт

Құрылысшылар футбол турниріне қатысты

Атырауда құрылысшылар күні қарсаңында шағын футболдан ашық турнир ұйымдастырылып, оған облыстық басқармалар, аудандық құрылыс бөлімдері, аймақтағы мердігер компаниялардан 15 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Орталық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өткен турнирде мемлекеттік қызметте, қоғамның әлеуметтік маңызы бар салаларында абыройлы қызмет етіп жүрген аяқдоп командалары өзара 29 ойын ойнады. Жартылай финалдық және финалдық кездесулерге көрермен болған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жарысқа қатысушыларды төл мерекемен құттықтады.
– Жуырда кәсіби мереке қарсаңында сылақшылар мен тас қалаушылардың сайысы өтті. Бүгін тағы да жалғасын тауып футболдан жарыс ұйымдастырылып жатыр. Турнирді ұйымдастырып жатқан мекемелерге ерекше алғысымды айтамын. Бұл шараның тәрбиелік мәні зор. Жарыс болған соң жеңіліс те жеңіс те қатар жүреді. Іс-шараның ең басты мақсаты – мекемелер арасындағы достық қарым-қатынасты арттырып, тығыз байланыс орнату. Сондай-ақ, саламатты өмір салтын ұстануды да көздейді. Биыл жолы болмаған командалар келесі жолы сәтті өнер көрсетеді деп ойлаймын. Ең бастысы бастарыңыз аман, еліміз тыныш болсын. Көк тудың астында бірігіп жүре беруді жазсын, — деді Қайрат Талапұлы.

16727789 ad05 4995 ba97 7de45808ddd9

Күні бойына жалғасқан турнирдің қорытындысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының біріккен командасы жеңімпаз атанса, «BI Group» ЖШС командасы екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті «Сала» ЖШС командасы түйіндеді.
Ал, кәсіби мерекеге арналған турнирде үздік сұрмерген аталымына Жанбота Нығметов, үздік қорғаушы аталымына Тұрлан Айтбаев, үздік қақпашы аталымына Айдарбек Зиноллаев, үздік ойыншы аталымына Арыслан Құтқожин ие болды.

eebffd2c e393 42e7 b688 b9c73e02f049

Облыстық футбол федерациясының төрағасы Нұржан Аханұлы жүлделі орын алған үш командаға 50 мың, 70 мың, 100 мың теңгелік сертификат табыс етіп, командалардың мерейін асырды.
Турнирдің бас төрешісі Төлеген Шалхаровтың айтуынша, командалардың жеңіске деген ынталары мықты, деңгейлері бірдей болған.

Алмас ҚАБДОЛОВ
Суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button