Атыраулық полиция инспекторы Алихан Сейтов қойын-қолтық ұрысынан Әлем чемпионы атанды

whatsapp image 2021 11 25 at 12.19.07 Спорт

2021 жылдың 10-14 қараша аралығында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында Қоян-қолтық ұрысынан өткен Әлем Кубогында бақ сынаған Атырау облысы полиция департаментінің аға лейтенанты 90 келі салмақтан жоғары қарсыластар арасынан топ жарып қола медальді Мирас Шантасов қанжығалады.

Ал, 75 келі салмақта сайысқа түскен Алихан Сейтов алтын медальді жеңіп алды. Қос полицей де спортпен мектеп қабырғасынан бері шұғылданып келген.

whatsapp image 2021 11 25 at 12.19.06
whatsapp image 2021 11 25 at 12.18.49


Айта кетейік, Мәскеуде өткен Әлем кубогына әлемнің 30 елінен барлығы 228 спортшы қатысқан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз