Жарнама
Спорт

«Атырау-Ақпарат» 700 мың теңге иеленді

Бүгін, 22 маусымда «Атырау-Ақпарат» командасы шағын футболдан Қызылорда облысы әкімінің кубогы сарапқа салынған турнирде жүлделі II орынға ие болды. Олар осылайша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында өткен турнирде былтырғы көрсеткішін бір сатыға көтере алды.

Ақтық сындағы ойында талдықорғандық «Қарекет» командасына сәл ғана ұпай санымен жол берді. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған жарыста Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған, Түркістан, Шымкент қалаларынан 8 команда бақ сынады.
Соңғы уақыттары қатысқан жарыстарынан жүлдесіз қайтпай жүрген «ақпараттықтар» бұл жолы да сәтті өнер көрсетіп жүлдемен қатар, 700 мың теңгеге ие болды. Бұдан бөлек «Прикаспийская коммуна» газетінің беттеушісі Қайсар Жетпісбаев «Үздік ойыншы» аталымына лайық деп танылып, оған 50 мың теңге ақшалай марапат табысталды.

Бұл жолы екі күнге жуық уақыт 3 мың шақырымды Чанган көлігімен еңсеріп келе жатқан команданың еңбегін ерекше атап өту керек.

– Бұл жарыстың негізгі мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту деп ойлаймыз. Сыр елінде өткен жарысқа қолдау танытқан барша жанашыр азаматтарға алғыстарын білдіреміз, – деді қуанған команда мүшелері.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button