Жаңбыр Бейбарыс ТМД ойындарында 84 келі салмақта чемпион атанды

whatsapp image 2021 09 12 at 18.09.45 Спорт

2-13 қыркүйек күндері Ресей Федерациясының Қазан қаласында (Татарстан Республикасы) алғаш рет ТМД ойындары өтуде.

WKF Каратэ бәсекелерінде атыраулық спортшы жеңімпаз атанды. Жалпы, ТМД ойындарында Қазақстанның Каратэ-до құрамасы командалық есепте  6 алтын 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып отыр. 

Айта кетейік, ТМД ойындарында 11 елдің спортшылары 21 спорттың түрі бойынша бақ сынауда. Олар – Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей құрамалары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз