
Шаһар шырайы
Қысқы сенбілік серуен (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Ақ мамыққа оранған Атырау қаласы сенбі күні ерекше көрініске бөленді. Қысқы табиғаттың сұлулығын тамашалауға асыққан тұрғындар Жайықтағы мұз үстінде балаларын сырғанатып, қызықты сәттерді бірге өткізді.
Фототілші Ерлан Алтыбаевтың объективіне өзеннің қысқы тынысы, балықшылардың мұз ойып, қармақ салған тұстары да ілікті. Табиғаттың осы бір ғажайып көріністері қаланың қыстық бейнесін одан әрі айшықтай түсті.















