Жарнама
Шаһар шырайыЭкономика

Өткен жылы Атырауға 2,4 трлн теңге инвестиция салынған

Былтыр Атырау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция 2,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1503653699_article_b_1500_

– 2017 жылы өңірдің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2 456,5 млрд теңгені немесе 2016 жылғы көрсеткішке шаққанда 115,1% құрады. Республиканың жалпы көлеміндегі облыстың үлесі – 28,2%. Бұл облыстағы әлеуетті инвесторлармен жүргізілген жұмыстың нәтижесі. Өңірдің экономикасына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында жыл сайын облыста ATYRAU INVEST халықаралық инвестициялық форумы ұйымдастырылады», – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 2017 жылы форумға Түркия, Италия, Әзербайжан, Германия, Финляндия, Өзбекстан, Оман, Беларусь, Бельгия, Польша, РФ мен басқа да елдердің өкілдері қатысты.

Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2017 жылы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу мақсатында Жапония, Түркия, Италия, Корея, Австрия, Чехия, Ресей және басқа да елдердің делегациялары облыста ресми сапармен болған.

 

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button