Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда орталық көпір жабылып, қозғалыс шектеледі

Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Орталық көпірдің жабылуына байланысты көлік қозғалысы шектеледі. Осы ретте, қаладағы қоғамдық көлік қозғалысы уақытша өзгереді. Атап айтқанда, №3, 4, 7, 12, 14, 15, 20, 21 бағыттар бойынша қозғалыс келесідей болады: «Абай» аялдамасынан «Пушкин» көшесінің бойымен «Бейбарыс» даңғылының бойындағы көпір арқылы, № 1 бағыт «Абай» аялдамасынан «Молдағұлова» көшесінің бойымен «Бейбарыс» даңғылының бойындағы көпір арқылы қозғалады. Ал, №30 бағыттағы маршруттық автобустың қозғалысы «Жеңіс саябағынан»-«Авангард-Жилгородок» көпірі арқылы «Ақжайық» айналма жолына дейін жүзеге асырылады. Қалған бағыттағы қоғамдық көліктер өзгеріссіз қалады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» делінген хабарламада.

  • №3 маршрут: «Аламан базары-Атырау м.а.-Дина базары»
  • №4 маршрут: «Нурсая м.а.- Дина базары»
  • №7 маршрут: «Лесхоз-Авангард м.а.-Химпоселок-Теміржол вокзалы»
  • №12 маршрут: «Авангард м.а.-Балыкшы»
  • №14 маршрут: «Авангард м.а.-Темір жол вокзалы»
  • №15 маршрут: «Саркамыс м.а.-Темір жол вокзалы-Береке м.а.»
  • №20 маршрут: «Аламан базары-Атырау м.а.-Балыкшы»
  • №21 маршрут: «СМП-163 –Жерұйық м.а.»
  • №30 маршрут: «Жеңіс саябағы-Тұрғын үй қалашығы».

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button