Атырауда 56 көшеге асфальт төселеді

бұқара Жаңалықтар

Биыл да облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қолға алынады. Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВТЫҢ айтуынша, алғашқы кезекте 56 көшеге асфальт төселмек.

бұқара

Жол құрылысы жұмыстарын жүргізуге тендер өткізіліп, екі мердігер компания анықталған. «Атырауинжстрой» және «Атырау көлік» ЖШС-тері атқаратын жұмыстардың жалпы көлемі – 47,5 шақырым тас жол және 1,8 шақырым жаяу жүргіншілер жолы. Ол үшін 3,9 млрд. теңге қаражат бөлініп отыр.

Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов есепті жиында биыл жалпы ұзындығы 250 км болатын 311 көшенің жолы жөнделетінін айтқан болатын.

Сонымен, жақын күндері қай көшелерде құрылыс жұмыстары басталады?

 

ОҢ ЖАҚ ЖАҒАЛАУ:

Жерұйық ықшамауданындағы көше;

Медик ықшамауданындағы көше («Көк-тем» сауда үйінің арты);

Ақшағала ықшамауданына кірме жолдар (Жеңіс саябағы);

КТҚ-ға (кәріздік тазарту құрылғылары) дейінгі жол;

Нұрсая ықшамауданындағы №1 көше;

Студенческий №190 «б» өткелі;

Лесхозная көшесі;

Можайская көшесі (Островский көшесімен жанасуы);

Керей хан көшесі (Заболотный тұйық көшесі);

Крупская көшесі, №24 («а», «б», «в», «д» блоктары);

№6 «Гүлдер» балабақшасы, Авангард – 4 ықшамаудан, Владимирский көшесі;     №21 «Алтын кілт» балабақшасы Авангард – 4 ы/а, Луговая көшесі;

«Жөнеген» зиратына дейінгі жол;

 

СОЛ ЖАҚ ЖАҒАЛАУ:

Атырау-Доссор  жолынан Новокирпичный  кентіне дейінгі жол;

Огородная көшесі (Неверов көшесі) №№1-20 үйлер;

Қостанай көшесі, №16, 1«в», 2;

Огородная көшесі 41-1, 41-2, 41-3, 41-4;

Қарағанды көшесі 1«а»-4, 3«а»-1, 3«а»-2, 4-2;

Вагонная көшесі;

Колхозная көшесі (Ақжар тұйық көшесі);

М.Мәметова көшесі;

Балықшы кенті – Ақботин көшесі;

Говоров көшесінен Менделеев көшесіне дейін;

Амандосов көшесі, Уәлиханов көшесінен Еркінов көшесіне дейін;

Ұзынарал (бұрынғы Коммунарная) көшесі;

Яблочный өткелі;

Водозаборная (М.Наурызалиев) көшесі, Оңдасынов көшесінен Бимағанов көшесіне дейін;

Мостовой өзегінің бойындағы жол;

Водников кенті («ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай бекетінен екі қабатты тұрғын үйге дейінгі әскери бөлімшеге апаратын жол);

 

ҚАЛА МАҢЫ:

Ақсай  кентіндегі жаяу жүргіншілер жолы;

Ақжар  кентіндегі жаяу жүргіншілер жолы;

Бесікті ауылындағы ауылішілік өткелдер (5 өткел);

Ширина кентіндегі Каспий көшесі;

Ширина кентіндегі М. Өтемісов көшесі;

Тасқала  кентіндегі Молдашев көшесі;

Тасқала-2  кентіндегі №2, 7 көшелер;

 

АТЫРАУ ЫҚШАМАУДАНЫ:

Атырау-2 ықшамауданы, №24 көше (Мостовой өзегінің шлюзіне дейінгі Шманов көшесінің жалғасы);

Атырау ықшамауданы, Тайманов даңғылынан №31 мектепке дейінгі Рысмағамбетов көшесі;

Атырау ықшамауданы, №19, 52  және 31 мектеп алдындағы көше;

 

ЖҰМЫСКЕР-2 ЫҚШАМАУДАНЫ:

Жұмыскер-2 ықшамауданы, №34 көшенің жалғасы;

№36, 38, 40, 41, 42, 43 көшелер;

№1, 2 өткелдер;

 

МҰНАЙШЫ ЫҚШАМАУДАНЫ:

Мұнайшы ықшамдауданындағы «Мұнайшы» дүкенінен №13 көшеге дейінгі жол және №13 көше;

Мұнайшы ықшамауданындағы №10, 11, 12 көшелер;

Р.Қошқарбаев көшесі;

 

ЖҰЛДЫЗ ЫҚШАМАУДАНЫ:

№4 көше;

№6 көшенің жалғасы;

№6 көшедегі жаяу жүргіншілер жолы;

№22 көшенің жалғасы (Атырау-Доссор жолына дейін);

КӨКТЕМ ЫҚШАМАУДАНЫ:

№6, 12 көшелер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз