9b1206933582586a2ad34dc73caf6f25

Жаңа алаңдардың жаңалығы неде?

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Биыл жаздан бері Атырау қаласында Исатай-Махамбет алаңын жаңғырту жұмыстары мен биіктігі – 91 метр болатын тутұғыр құрылысы жүріп жатыр. Осы орайда, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құрылыс қарқынымен танысты.

20181022142052

2018_10_22_052508268900

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, бүгінде мердігер мекеме негізгі жұмыстарды аяқтаған. Дренаж жүйесі толықтай ауыстырылып, су құбыры жүргізілген. Жаңа субұрқақтарға арналған алаңдар дайын тұр. Бұрынғы алаңдағы барлық жасыл желек Талғайраң ауылының аумағына көшірілген. Бұл бағытта аймақ басшысы мердігер мекеме басшылығына бірқатар міндеттер жүктеді.

9b1206933582586a2ad34dc73caf6f25

– Құрылыс аяқталған соң, бұл жерді гүлденген жасыл баққа айналдыру керек. Тал-шыбықтарды мүмкіндігінше көбірек отырғызған дұрыс. Тұрғындар солардың саясында демалатындай жағдай жасау қажет. Ол үшін қажетті орындықтар мен қоғамдық әжетханалар қарастыруды да ұмытпаған жөн, – деді ол.

adee14b5786e385e07fc8feb5a5044cb

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, аталған аумақта екі үлкен сәулет туындысы, үлкен және кіші субұрқақтар мен хауыздар орнатылмақ. Алаңның басты– нысаны – мәрмәр домбыра үлгісіндегі көбікті субұрқақ болмақ.

5db5b3bd2304434415292fb62590ff41

Ал, тутұғыр Құлманов және Жангелдин көшелерінің қиылысындағы 57 шаршы метрді құрайтын жаңа алаңнан орын тебеді. Оның екі жағын бес деңгейлі сарқырама түріндегі субұрақтар безендірмек. Өңір басшысы тутұғырдың түнгі мезгілде де көрініп тұруы үшін ең заманауи жарқтандыру жүйесін жүргізуді тапсырды. Айта кетейік, алаң құрылысын «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржыландырылып отыр.

20181022142137

20181022142225

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған