Мүмкіндігі мол «Мөлдір көз»

M mkindigi mol M ldirk z Жаңалықтар

Әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы төмен ұйым мүшелеріне көмек беру мақсатында құрылған «Мөлдір көз» зағиптар қоғамдық бірлестігі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене атсалысуда.

Мүмкіндігі мол «Мөлдіркөз»

Аталған қоғамдық бірлестік  зағип жандардың компьютерлік сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды қолға алып отыр. Жоба аясында зағип жандар ақысыз оқытылады. Негізгі мақсат – оларға Microsoft Word құжатын құруды, мәтін жазуды, интернет желісінде жұмыс жасауды, «Winamp» ойнатқышындағы әуендерді тыңдау мен кітап оқуды үйрету.

-Бұдан бұрын жобаның паспорты мен логотипі дайындалды. Бүгінде 15 адамнан тұратын екі топ сауат арттыру жұмыстарын бастады. Жоба аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылады. Екі айға созылатын оқыту курсына келем деушілерге есігіміз ашық. Алғашында тәжірибе ретінде еніп отырған жобаны аудандарда жүзеге асыру жоспарымызда бар, – дейді «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жолдас Ғұмаров.

Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетуде. Есесіне уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Ғылым мен технология дамып жатқан уақытта зағиптар да уақыт ағымына ілесіп, заман сұранысына сай болуы тиіс. Осы орайда бұл жоба мүгедектерге үлкен мүмкіндік бермек.

Мәлике Қуанышева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз