Жарнама
Саясат

Жер иесі – халық

Жер – қазақ халқы үшін зор мəнге ие. Аталған маңызды тақырып та жобада айқын көрініс тапқан. Президент жерге иелік ету мəселесін шешу қажеттігіне арнайы тоқталып, «жердің жəне табиғи ресурстардың иесі – халық» деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мəні зор екеніне тоқталды. Тағы бір жағымды тұсы – болашақта бұл мəселені əртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керектігін де қадап айтты.

«Аталған мəселеге байланысты Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады:

«Жер жəне оның қойнауы, су, өсімдіктер жəне жануарлар əлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы» деді Президент. Бұл тұжырым терең мəнге ие, əрі жаңа редакция ұлттық мүддеге сəйкес. Өйткені, Қазақстан халқының келісімінсіз ешкім де ел байлығына билік ете алмайды. Мемлекеттің бұл бағыттағы ұстанымдарынан негізгі меже табыс көзі ретінде пайдаға кенелу емес, халық игілігі үшін маңызды міндетті іске асыру екені аңғарылады. Ұсынылып отырған реформалар демократияландыруға ықпал етіп, мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Бұл өзгерістер мен толықтырулар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын іске асырудың тетігі ретінде қарастырылуда. Қоғам тарапынан оң бағаланған бастаманың бірі – Президенттің өз өкілеттіктерінің бір бөлігінен бас тартуы. Бұл құзыреттердің Парламент, Үкімет жəне мəслихаттарға берілуі тарихта сирек кездесетін жағдай екенін мамандар да айтуда. Қазірдің өзінде қолдау тауып, талқыланып жүрген тақырыптың тағы бірі – Президенттің туыстарына қатысты арнайы тармақ. Яғни, оның жақын туыстарына саяси қызмет жəне квазимемлекеттік салаларда лауа[1]зымды қызмет атқаруына тыйым салынады.

Гүлжан ӘМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button