Атырауда Парламент Мәжілісінің депутаттығына 20 кандидат ұсынылды

63c918013e284899542914 Саясат

Атырауда Парламент Мәжілісінің депутаттығына 20 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 16 кандидат өзін-өзі ұсынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, алдағы сайлауда Парламент Мәжілісінің депутатына бірмандаттық сайлау округінен 1, ал, әр деңгейдегі 9 мәслихатқа 140 депутат сайланады.

«Атырау облысында Парламент Мәжілісі және мәслихат сайлауына ұсынылған барлық кандидаттың саны – 496. Парламент Мәжілісі депутатын сайлау жөніндегі №13 бірмандаттық сайлау округіне 20 кандидат ұсынылды. Оның ішінде өзін-зі ұсынған 16 кандидат бар. Төрт кандидат – Аmanat, Ақжол, Ауыл, ЖСДП партияларының өкілдері», -деп хабарлады аумақтық сайлау комиссиясынан.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттардың арасында бір зейнеткер мен 3 жұмыссыз бар.

Кандидаттардың басым бөлігі басшылық қызметте істейді.

Кандидаттардың біреуі бұрын Парламент Сенатының, тағы біреуі Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Екеуінің мамандығы – заңгер, қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің түлегі. Бұрынғы депутаттардың екеуі де өзін-өзі ұсынған.

Кандидаттардың арасында Атырау қаласының бұрынғы әкімі де бар. Ол да өзін-өзі ұсынып отыр.

сурет ашық дереккөздан алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз