Тарихи маңызды күн

nautiev1 Саясат

5 маусым – Қазақстан тарихына енетін аса маңызды күн. Бұл күні әрбір азамат Жаңа Қазақстанның жаңа қағидаларын бекітеді және ұсынылған өзгерістерге өз көзқарасын дауыс беру арқылы білдіруге толық мүмкіндігі бар.

Қазіргі кезде референдумға қатысты ақпараттық түсіндіру кеңінен жүргізілуде. Бұл жұмыстарға облыстық мәслихат депутаттары да белсене араласып, халықпен кездесіп, шалғай елді мекендерді де аралап, өздерінің пікірлерін ортаға салуда. Бүгіннен бастап референдумды насихаттау жұмыстары аяқталады.

Жалпы Конституциялық реформа қоғамда қызу талқыланып жатқан өзекті тақырыптардың бірі, әлеуметтік желілердегі азаматтардың реформаға қатысты пікірлерін саралап қарасақ, қоғамдағы саяси белсенділік деңгейі өсіп келе жатқанын көреміз. 

Жалпы реформалар адам құқықтары мен бостандықтарын қозғайды. Конституция – ол біздің негізгі заңымыз, онда барлық маңызды – мемлекеттік басқару мен азаматтарға қатысты баптар жазылатын болғандықтан жалпыхалықтық референдум өткізу – демократиялық процестің көрінісі. Сондықтан баршаңызды ұлттың тағдырына, елдің тарихына әсер ететін бетбұрыстан қалыс қалмай, дауыс беруге шақырамын. 

Әлібек Нәутиев,

Атырау облыстық мәслихатының хатшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз