МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР: ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

prppropopop Саясат

Еліміздің рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің Геральдикалық жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану (орнату, орналастыру) бойынша республикалық оқыту семинары өтті.

Оқу семинары ҚР Мемлекеттік рәміздер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген талаптарды орындау, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, насихаттау және қолдану тәртіптері туралы әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді. Семинарға Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Ақтілек Бертағыұлы Тәжінің алғы сөзімен бастап, кейін «Геральдикалық зерттеулер орталығының» директоры Асылбек Байжұма өзінің басқарып отырған геральдикалық зерттеулер орталығының алдымен ведомстволық наградалардың бірыңғай критерийлерін әзірлеу, мемлекеттік рәміздер мен  геральдикалық белгілерді қолдану және насихаттау мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жұмыстарымен таныстырып, қазір осы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу шаруасына кірісіп, сонымен бірге Орталыққа ұдайы геральдикалық сараптама жүргізіп отыру  міндеті жүктелгенін аттап өтті.

«Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының» атқарушы директоры Руслан Пангерейұлы Хамзаның және Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Айдос Тұрсынбайұлы Абдыхалықтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңына, үкіметтің айқындалған ережелер мен қағидаларына тоқталып, соңғы жылдарда Мемлекеттік Туды және Мемлекеттік Елтаңбаға да қорлау факторлары кездесіп келеді.  Сонымен қатар, Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстерінде көрсетілген айыппұлдармен таныстыра отырып, ZOOM арқылы қатысып отырған облыстық, қалалық, аудандық ішкі саясат басқармаларының және бөлімдерінің өкіл қатысушыларына тиянақтап түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Ақтілек Бертағыұлы Тәжі алдағы уатты әр өңірлеріне барып, ҚР Мемлекеттік рәміздер тақырыбында қолдану және насихаттау жұмыстарын одан әрі жалғасын табатындығын қорытындылады.

Гүлдана Аргенова,

Геральдикалық жұмыс басқармасының бас cарапшысы 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз