Жарнама
Саясат

ТАРИФТІ ЖЕТІЛДІРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Осы мақсатта табиғи монополия субъектілері бойынша қабылданған 80 нормативтік-құқықтық актіге талдау жүргізілген. Соның ішінен 17-сі оңтайландырылып, үш қана құжатқа біріктірілген, бірқатары негізсіз немесе дәйектемесіз деп табылғандықтан күшін жойған.
Бұл саладағы заңнамалық құжаттарға тариф саясатын қалыптастырудың ашықтығын, реттелетін қызметтердің сапасын арттыруды, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және бақылауды күшейту мүмкіндіктерін қарастырған 200-ден астам түзетулер ұсынылыпты.
Біріншіден, монополист-мекемелердің тұтынушылар алдында жыл сайынғы есебіне арналған қоғамдық тыңдауларға қойылатын талаптар қайтадан қаралуы тиіс. Екіншіден, табиғи монополия субъектілерінің қызметіне бақылау күшейтіле түсуі керек. Үшіншіден, әкімшілік айыппұл салу жүйесіне ішінара өзгерістер енгізген жөн. Төртіншіден, тұтынылатын жылу қуатына жалпыүйлік есептегіш құрылғылар орнату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру механизмін жетілдіру шарт. Бұдан бөлек, тариф сметасына, табиғи монополия субъектісіне ұсынылатын құжаттар пакетін, реттелетін қызмет сапасын көтеру және негізгі қорлардың тозу деңгейін мейлінше төмендету көзделген.
Әйтсе де, бағдарлама аясындағы жұмыстарды орындау барысында монополист-мекемелердің тарапынан кейде өрескел кемшіліктер мен заңсыз, жөнсіз әрекеттерге жол беріліп қалатыны да шындық. Әсіресе, мұндай олқылықтардың тұтыну тарифтерін бекіту кезінде орын алатынын тәжірибе талай мәрте көрсетіп жүр. Осының бәрі жинақталып, қолданыстағы тарифтердің қайта қаралып, бұл саладағы саясаттың уақыт талабына сай жаңғыртылуын талап ететіндігі даусыз. Мәселенің Үкіметтің селекторлық мәжілісінде қаралуы да сондықтан болса керек. Мұны хабарлама жасаған министр де, басқалары да мақұлдады.
Мәжілісте қаралған келесі маңызды мәселенің бірі – мемлекеттік бақылаушы органдардың тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жайы еді. Бірден қаперге берілгені, мемлекеттік бақылаушы құрылымдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне, басқа да халыққа қызмет көрсетуші мекемелердің қызметіне жүргізілетін тексерулердің заңдылығы өз деңгейінде, талапқа сай сақталмауда. Атап айтқанда, қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік органдардың бақылау қызметі тиімділігін бағалау жүйесі қалыптаспаған. Бақылаушы органдардың бәрі бірдей «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заң талаптарының сақталуына мүдделі емес. Мемлекеттік бақылаушы органдарда тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдіре түсуді қажетсінеді. Сондай-ақ, салалық заңнамаларда мемлекеттік органдардың басқа да бақылау формаларын жүргізуінің тәртібі бекітілмеген және олардың есебі жүргізілмейді, жоспардан тыс тексерулердің регламенттелуі мен олардың қорытындылары үнемі есепке алына бермейді. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптардың шамадан тыс көптігінен оларға жүргізілетін тексерулердің дұрыс-бұрыстығын дер мезгілінде бағалау да қиындық-тарға соқтыруда.
Сонымен қатар, селекторлық мәжіліске қатысып, сөз кезегін еншілеген Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед елімізде жаңа «Қазспорт» телеарнасының ашылғанын, жақын күндерден бастап оның республика аумағында жүйелі хабар тарата бастайтынын мәлімдеді.
Соңынан, мәжілісте айтылған әңгімені мұқият тыңдай келіп, күн тәртібіне шығарылған мәселелердің маңыздылығына тоқталған аймақ басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы солардың арасынан тариф саясаты төңірегіндегі айтылған әңгімелерге айрықша назар аударды. Күнделікті халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің ішінде құнының қымбаты жылу энергиясы болып табылатынын ерекше атады. Өзгелерімен салыстырғанда дәл осы саладағы тұтыну тарифтерінің немесе қызмет бағаларының аспандап өсуі ақылға сыймайтындығын, сол себепті де бұл жағына тереңірек мән беріп, астарына үңіліп, заңдылық жағына көңіл бөліп, дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу керектігін меңзеді. Осыған орай тиісті құрылым басшыларына нақты тапсырма беріп, орындалысын алдағы шілде айында тыңдайтындығын қаперледі.

Дәулетқали АРУЕВ.
Суреттерді түсірген

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button