Жарнама
Саясат

СПОРТТЫ ҚОЛДАУ – ҰЛТ САУЛЫҒЫН ОЙЛАУ

 

Бұл бағытта елде жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, алаңдарын салу, ескіні жаңарту міндеті қойылды. Осы талап бойынша өңірімізде қолға алынған, жасалған жұмыстар жеткілікті. Соның нәтижесінде облыс спортшылары байрақты бәсекелерде топ жарып, көк Туымызды желбіретіп жүр. Азия, әлем чемпиондары атандық. 

Бір ғана мысал, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында жерлесіміз Арман Шылманов қола жүлдегер атанып, еліміздің мәртебесін асырғаны есімізде. Осындай ұлт мақтанышына айналған спортшыларымызға қолайлы жағдай жасалып, жастарды спортқа тарту мақсатында кешенді бағдарламалар жүзеге асуда. 

Үкімет тарапының қолдауымен облыс орталығында мұз айдыны, спорт кешендері мен тағы да басқа спорттық ғимараттарының пайдалануға берілуі – бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іргелі істер. Бүгінде жастар аталған спорт нысандарында жаттығып, денсаулықтарын нығайтуда. Алайда, әлі де болса облыста саланың өркендеуіне спорт ғимараттарының тапшылығы қолбайлау боп отыр. Бұрын қалалық спорт мектептерінің жартысына жуығы білім беру бөлімдерінің қарауында болып, материалдық базамен қамтамасыз етілген-ді. Қазір де бұл іске жете мән беру керек.

Жуырда Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Алпамыс Ғилымов және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марат Айтқалиевтың қатысуымен өткен басқосу көп істердің шешуін тарқатты. Спорт мамандары ойларын ашық айтты. Боксқа ынталы балалар мен жасөспірімдер қаладағы №3 орта мектептің спорт залында секцияға қатысуға мүмкіндік алды. Балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мен ұтымды ұйымдастыруда алға қойылған мақсат-міндет оқу-жаттығу процесінің жүйелі өтуін ғана емес, келешек ұрпақтың саулығын ойлаумен ұштасып жатыр. 

Сүндеткерей 
ХАСАНҒАЛИЕВ,
№2 балалар мен жасөспі- рімдер спорт мектебінің басшысы,
кикбокстан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы,
Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button