Жарнама
Саясат

САЛАУАТТЫЛЫҚ – ҰЗАҚ ЖАСАУ КЕПІЛІ

 

Онда департамент директоры Өмірзақ Зинуллин Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының қоғам, мемлекет дамуындағы атқарар маңызы туралы әңгімеледі. 

Жолдауда өркениет жолында жаңа технологиялық даму биіктерін игере отырып, халықтың әл-ауқаты мен жұмысқа қабілеттілігін жақсарту арқылы әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену бағдарламасы егжей-тегжейлі баяндалады. Дамудың даңғыл жолы саналатын ұзақ мерзімді бұл бағдарламада назардан тыс қалған мәселе кемде-кем. Соның бірі — халықтың денсаулығы.

Қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыру арқылы азаматтардың денсаулығы –жаңа сатыға көтеру қажеттігіне зор мән беріліп отыр. Мемлекетіміздің азаматтарының орта жасын 80 жасқа жеткізу – дәрігерлер алдына қойылған басты талап.

Сонымен қатар, Жолдауда айтылған денсаулық сақтау саласындағы басты басымдықтың бірі – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Бұл орайда спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу — аурудың алдын алудың негізі туралы тарқатылып айтылды. Егер халықтың саулығы — қоғамның басты құндылықтарының бірі десек, осы елдің баға жетпес игілігі үшін денсаулық күзетінде жүрген медицина қауымы алдарына қойылған міндеттерді ынта-жігермен атқаруға күш-жігер салатынын айтты. 

Департаменттің мектепке дейінгі балалар және білім беру нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы Бәтима Сұлтанғалиева, департаменттің бөлім басшысы Артур Бисенов өздерінің ойларын ортаға салды.

Самал ХАБИБУЛЛИНА,
облыстық мемлекеттік 
санитарлық-
эпидемиологиялық 
қадағалау департаментінің 
бөлім басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button