Саясат
«Әкім ауылдың тағдырына жауап беретін тұлға»
Қызылқоға ауылдық округі әкімін сайлаушылар арасында 8 тұрғын ел тағдырын айқындайтын саяси науқан – сайлауға дауыс беру процесіне алғаш рет қатысып отыр.
Солардың бірі студент Қанатқызы Ақбота. Айтуынша, бұл оның өмірінде алар орны ерекше оқиға.
- Өз басым мұндай саяси науқанға алғаш рет қатысып отырмын. Соның ішінде, осы жолғы сайлаудың ауыл əкімін сайлаумен байланысты болып отырғаны мен үшін ерекше жағдай, жағымды жаңалық деп ойлаймын. Өйткені ауылдың басшысы – ел ағасы, жасы үлкен-кіші болсын, бүтіндей бір ауылдың тағдырына жауап беретін тұлға. Осы орайда, халықтың таңдауы таразы басына түсер сындарлы сəтте менің де қазақ елінің азаматы ретінде өз еркім мен қалауымды білдіруіме мүмкіндік берілгені үлкен қуаныш, ерекше жағдай, – деді А.Қанатқызы.