Жарнама
Саясат

ҚОСЫМША 450 СУДЬЯ ЖҰМЫСҚА АЛЫНАДЫ

 

— Осы аптада Үкімет басшысы Серік Ахметов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады. Мұнда Премьер-министр аталған аймақтағы Индустрияландыру картасының жүзеге асырылуы, агроөнеркәсіптік кешен, тұрғын үй құрылысы барысымен және тамақ өнімдері бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысады, — деді ресми өкіл.

Осы аптада ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттары Страсбургте өтетін Еуропалық Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің іс-шараларына қатысады. Ал, бүгін Мәжіліс комитеттерінде Қылмыстық-атқару кодексі мен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобалары бірінші оқылымында қаралады.

Брифингке келген Жоғарғы Сот алқасының төрағалары Еліс Әбдіқадыров пен Ақылтай Қасымов сот саласындағы елеулі жаңалықтарды журналистермен бөлісті.

Бүгінгі күні соттарға салынатын жүктеме бастан асып отыр деп айтуға болады. Әрбір судьяның қарауына айына жүзден астам іс түседі. Мұндай жүктемемен сапалы жұмыс істеуге мүмкіншілік жоқ. Сол себепті ҚР Президентінің қабылданған шешімі бойынша биылғы жылы 450 судья бізге жаңадан қосылатын болады. Биыл бірінші жартыжылдықта олардың барлығын байқау негізінде өткізіп, лауазымдарына тағайындау көзделуде. Яғни, 450 судья жұмысқа кіріседі. Осы судьялар жұмысқа кіріскеннен кейін істер тез әрі сапалы қаралатын болады, — деді Ақылтай Қасымов.

Ал, Еліс Әбдіқадыровтың пікірінше, бүгінде Жоғары Сот пен Бас прокуратура әзірлеген түрмедегілердің санын азайту жөніндегі тұжырымдама оң нәтижесін беріп отыр. Оның мақсаты қылмыстық заңнаманы ізгілендіру және балама шараларды кеңінен қолдану болып табылады. «2013 жылы сотталған адамдардың 39 пайызы ғана бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 4 пайызға аз» деді сұхбаттасушымыз.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button