Жарнама
Саясат

Сайлау: Атырауда байқаушылардың партиялық емес бірлестігі жұмысын бастады

Облыс бойынша байқаушылардың партиялық емес бірлестігі ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

25 шілде республика бойынша аудан және ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл жолғы сайлаудағы ерекшелік — әкімдерді халықтың өзі сайлайды.

Партиялық емес байқау орталығының басшысы Дәурен Сейтқалиевтің айтуынша, қазір сайлау уческелеріне байқаушыларды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  • Біздің негізгі мақсатымыз – сайлаудың әділ өтуі. Атырау облысы бойынша 36 сайлау учаскесі, оның ішінде қалада 7, аудан бойынша 29 сайлау учаскесі бар. Облыс бойынша 150-ге жуық байқаушы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Сайлау ережелеріне сай байқаушыларға арналған семинар-тренинг оқыту іс-шаралары өтеді, – деді Дәурен Сейтқалиев.

Сайлау күні учаскелерге барып, байқаушы боламын деген кез-келген ерікті азамат алдын ала тіркеуден өтуі қажет. Байқаушыларды тіркеу «Студенттер» даңғылы, 211 «а» (Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі ғимараты) мекен-жайында жүргізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button