Сайлау – 2019: Атырауда партия филиалдары мен қоғамдық ұйымдар бас қосты

ANU 0706 Жаңалықтар

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Елімізде кезектен тыс Президент сайлауының тағайындалуына орай, бүгін Атырауда партия филиалдарының және қоғамдық ұйым өкілдері бас қосты.

 «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев әріптестерін саяси науқанға жұмыла кірісуге шақырды.

Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиевтың айтуынша, аталмыш партияның съезі 26 сәуірге белгіленіп отыр. «Алдағы съезде партия Президент сайлауына түсетін кандидатты ұсынатын болады. Бұл сайлау елдегі бірлікті, тұрақтылықты сақтап қалу үшін қажет» деді ол.

Айта кетелік, жиынға Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев, «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы орынбасары Өркен Қапанов қатысуда.

ANU 0713
ANU 0710
ANU 0724
Фото – Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Мәлике  ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз