Президент реформалары өз нәтижесін беруде

6d1e4aaf e0aa 4ee1 8ec9 6729259e0d2f Саясат

Соңғы бір жылда елімізде көптеген саяси өзгерістер орын алды. Нақтырақ айтсақ, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Президент сайлауы, Парламент Мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы нақты қадамдар деп сеніммен айтсақ болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қай реформасы болмасын халық игілігін жақсарту үшін бағытталған. Жалпы, реформалардың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік теңдікті орнатуға бағытталған. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа ала отырып, қоғамның қажеттілігіне негізделген еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешу жолына арналған жаңа Жолдау, елдің дамуына да біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетті.

Осыған сәйкес, бүгінгі таңда Президент реформалары өз нәтижесін беруде. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Сенат пен Парламент Мәжілісінің міндеттері артты. Бұл жерде барлық деңгейдегі мәслихаттың құзыреті артқанын да айта кеткен жөн. Мәслихат өз алдына жеке институт ретінде қалыптасты.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алды, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті, «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары билік құрылымы еститін болды. Осындай тарихи, жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді.Президент реформасын жүзеге асыру мақсатында жұмылып, бір кісідей атсалысуымыз қажет.

Айбар Ерекешов,

Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз