Жарнама
Саясат

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт келешегі

Жолдау жолдарынан:

«Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі»

Ақордада Мемлекеттік мәні бар жиын өтті. Бүкіл қазақ даласы, Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр сахара Елбасы сөзіне құлақ тігіп, көгілдір экран алдында Президенттің құлаққа жағымды қоңыр даусын естуге асықты. Бұл асығу тегін емес екен. Ел үміті тағы да ақталды. Мемлекет басшысы елдің көкейіндегіні әдеттегідей дөп басты.

Il-iya

Елдің келешегі – ұрпақ тәрбиесіне қатысты сөздерін тыңдап отырып, елді алаңдатып жүрген көкейкесті мәселелерді Елбасының  жетік білетініне таң қалдық. Мәселен, жоғары оқу орындарында маман дайындау, мектептерде баланы кәсіпке баулу, үш ауысымдық мектептерге, апаттық жағдайда тұрған оқу ордаларына қаражат бөлу жөніндегі тапсырмалары –шындығында, бүгінгі күннің өзекті мәселелері.  Балалардың қауіпсіздігі туралы айтқаны да көңілге қонымды.

«Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі. Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды. Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын», — деді Мемлекет басшысы.

Елбасы біздің жоғары білім беретін университтердің алдына кімнен үйрену керектігіне дейін айтылған жоспар құрып беріп отыр. Сондай-ақ, шетелден менеджерлер шақырту да дұрыс, олар ағылшын тілін жетік біледі және жастарға жақсы үйретеді. Осының өзі бүгінгі Жолдаудың ел дамуын жоғары көтеретін стратегиялық құжат екенін делелдейді. Елбасы алдымызға міндет пен мақсат қойды. Енді оны жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Илья ЖАҚАНОВ, жазушы-композитор,

Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері,

Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button